«Борттағы жолаушы көз жұмды»: Ресейлік ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

27.05.2025 • 14:06 Admin
«Борттағы жолаушы көз жұмды»: Ресейлік ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды
432
Фото: freepik.com

Ресейлік ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Boeing-777 ұшағы (Nordwind Airlines) Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова атындағы әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі – борттағы әйел жолаушының жағдайы күрт нашарлаған. Өкінішке қарай, ол қайтыс болды.

Қазір өзге жолаушылар ұшақ ішінде қалуда. Ақпаратты әуежай қызметкері растады, алайда аты-жөнін жариялаудан бас тартты.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий