Борышкерлердің мүлкін сату арқылы бюджетке 1,5 млрд теңге түсті

Борышкерлердің мүлкін өткізуден бюджетке 1,5 млрд теңге түсті
Биыл 1 шілдеге дейінгі жағдай бойынша бюджетке шамамен 700 миллион теңге түскенін Мемлекеттік кірістер комитетінің аудит департаментінің борышкерлермен жұмыс істеу басқармасының басшысы Қайсар Арын тікелей эфир барысында хабарлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, негізінен борышкерлердің өндірістік ғимараттары, жер телімдері мен көлік құралдары өткізіліп жатыр.
МКК өкілі азаматтарды сауда-саттыққа белсенді қатысуға шақырды. Кез келген тілек білдіруші аукциондарда өндірістік нысандарды, арнайы техниканы, көліктерді немесе өндіріс үшін жер учаскелерін сатып ала алады.
Қайсар Арын мүлікті аукционға шығарғанда нарықтық құнды бағалау қолданылатынын, бірақ бастапқы баға 35%-ға төмен белгіленетінін түсіндірді.
— Мысалы, мүлік 100 теңгеге бағаланса, сауда-саттыққа шығарылғанда бастапқы құны 65 теңгеден басталады, — деп жайыттады ол.
Спикер сондай-ақ борышты өтеу үшін борышкерлердің мүлкін өткізу тәртібін түсіндірді. Үдеріс бірнеше кезеңнен тұрады: мүлікті сипаттау актісін жасау, ашық аукционға беру, аукцион өткізу, сонымен қатар түскен қаражатты борышкерлердің жеке шоттарына есептеп, борышты есептен шығару.
Соңғы жаңалықтар




