Бостандыққа шыққан Асқар Жұмабек мәлімдеме жасады
Бірер күн бұрын ғана бостандыққа шыққан актер Асқар Жұмабек желіде жаңа видео жариялап, басына іс түскенде өзіне қолдауын аямаған жақындарына алғысын айтты. Өнер иесі ата-анасына ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Асқар Жұмабек Instagram-дағы парақшасында абақтыдан шыққан соң, үйінде жақындарымен бас қосқан сәтті көрсетті. Актер өзі үшін ауыр кезеңде қасынан табылып, қолдау білдірген жақындарына алғысын айтты.
"Бүгін жақындарым, достарым келіп отыр. Барлығыңа Алланың нұры жаусын, маған жақсылықтарың өздеріңе екі еселеніп қайтсын. Жақсы күндеріміз көп болсын. Ешкімнің басына түспесін, мұндай сынақпен ешқаймыңызды сынамай-ақ қойсын. Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін. Барлықтарың жүгірдіңдер. Білемін. Сендерге басымды иіп тұрып, рақмет айтамын. Папа, мама, бауырларым сіздерге де рақмет! Бауыр деген орны бөлек. Сіздерге деген ризашылығым шексіз. Бәрі жақсы болатынына 200 пайызға сенімдімін", - деді өнер иесі.
Сөз соңында Асқар Жүмабек ата-анасына қазақи үлгідегі шапан сыйға тартты.
Ақпарат nur.kz сайтынан алынды