БҚО-да ер адамды интим суреттерімен бопсалаған әйел ұсталды
БҚО-да бопсалау арқылы 500 мың теңге талап еткен әйел ұсталды
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері 31 жастағы облыс орталығының тұрғынын бопсалау күдігімен ұстады, деп хабарлайды Politico.kz.
Тергеу деректеріне сәйкес, әйел азамат жеке танысына қатысты интим сипаттағы фотосуреттерді жариялаймын деп қорқытып, одан 500 мың теңге талап еткен.
Оқиға ер адамның полицияға арыздануынан кейін анықталған. Шұғыл түрде жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің әрекеті әшкереленіп, ол құқық қорғау органдары тарапынан қолға түсті.
Тінту барысында күдіктінің ұялы телефоны тәркіленді. Онда жәбірленушіге жіберілген хабарламалар мен бопсалауға қатысты деректер сақталғаны белгілі болды. Сондай-ақ талап етілген ақшаның бір бөлігі де айғақ ретінде алынған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.11.2026
22:25
Маңғыстау облысы әкімдігіне келуші әйел пышақ а...
10.11.2026
21:39
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін ...
10.11.2026
20:22
Нұрлан Сабуров 100 миллион рубль бопсалау ісі б...
10.11.2026
19:19
Стендап-комик Нұрлан Сабуровтан Ресейге оралу ү...
10.11.2026
18:58
Ұлытау облысында банк менеджері сақтандыру төле...
10.11.2026
18:36
Экономист ел экономикасының 4,5%-ға өсуін түсін...