Бүгін - ең ұзақ күн. Бұл күнді қалай өткізу керек?

21 маусымда Жердің Солтүстік жартышарында жазғы күн тоқырауы басталады – бұл ерекше астрономиялық құбылыс.
Бұл күні Күн аспанда ең жоғары нүктеге жетіп, жылдың ең ұзақ күні мен ең қысқа түні орын алады. 2025 жылы Күннің жарқырау уақыты 16 сағат 34 минут 51 секундқа созылады. Осы сәттен кейін күн біртіндеп қысқарып, түн ұзара бастайды. Астрология мен халық наным-сенімдеріне сенсек, бұл күн – тек табиғи құбылыс емес, сонымен қатар энергияның күшею уақыты. Мамандар мен дәстүрлі таным бойынша, 21 маусымда адам өз бойындағы ішкі үйлесімділік пен жаңаруға бет бұруы қажет. Бұл күні ренжу, ұрысу, кек сақтау сияқты жағымсыз эмоцияларға бой алдыруға болмайды – себебі бұл көңіл күй жыл бойына әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, аяқталмаған істерді кейінге қалдырмау керек, себебі олар ұзақ уақытқа шешімін таппай қалуы мүмкін. Киімнің таза әрі бүтін болуы – тазалық пен жаңарудың символы.
Табиғатқа зиян келтірмеу, жануарларға қатыгездік танытпау – бұл күннің басты қағидаларының бірі. Өткенге өкінішпен қарау да осы күннің энергетикасымен үйлеспейді – бұл жаңару мен болашаққа бағытталудың күні. Нумерологтар мен астрологтар 21 маусымда күнді ерте қарсы алуға, ашық түсті киім киіп, табиғат аясында серуендеуге кеңес береді. Бұл – қуаттылық пен шабыттың жоғары деңгейіне жетуге көмектеседі. Арман мен ниетті қағазға түсіріп, ішкі тілекті нақтылау – бұл күннің рухани әсерін күшейтеді. Ата-бабаларымыз бұл күнді табиғатпен үйлесімділікте өткізіп, тиын салып молшылық тілеп, гүлден тәж өріп, таңғы шықпен жуыну арқылы өз энергияларын тазартқан.
Ырымдарға сенсек, бұл күні жауын жауса – өнім аз, ал аспанда жұлдыз көп болса – күзде саңырауқұлақ мол болады. Таңда шық түссе, бұл мол астықтың белгісі саналады. Осылайша, жазғы күн тоқырауы – күнделікті күйбеңнен алыстап, табиғатпен, өз-өзіңмен үйлесім табуға таптырмас уақыт.
Соңғы жаңалықтар





