"Бүкіл мектеп білетін": Тоқтар Серіковтің алғашқы махаббаты сезімге толы хаттарын көрсетті

Елімізге белгілі әнші Тоқтар Серіковтің мектептегі алғашқы махаббаты екеуінің арасында не болғанын баяндап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ bairaqmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Хабар арнасындағы «Бенефис шоу» бағдарламасында Айгүл Көбекова есімді әйел Бейбіттің көз алдында Тоқтар Серіковтің сезімге толы хаттарын жария етті.
«Тоқтар екеуміз 1990 жылы Алматы қаласындағы республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын №2 мектеп-интернатқа бірге келгенбіз. Ол «Б» сыныбында оқыса, мен «А» сыныбында оқып, интернаттың нанын бөлісіп жеп, өстік. Тоқтар екеуміздің махаббатымыз сол жерден басталды. Республикалық олимпиадаларға бірге баратынбыз. Біздің махаббатымызды бүкіл мектеп, мұғалімдер білетін. Тоқтардың толассыз хаттары, толассыз әндерін сыныптастарымыз маған арналған деп ойлайтын», - деді әншінің алғашқы махаббаты.
Тоқтар Серіков бұл бала кезде болған махаббат екенін айтып, әбден ақталды.
«Бұл Айгүл Көбекова деген Қызылорданың қызы. Айтыскер болатын. Айтарлықтай қол ұстасып, ұзақ жүрген жоқпыз. Бірақ хат жазғаным рас, оның мінезі тік еді, содан екеуміз жараспадық. Кейін күйеуге тиді», - деді Тоқтар Серіков.
Соңғы жаңалықтар





