"Бүкіл проблеманы Құдайға жаба салады": Танымал дінтанушы халықтың сауатсыздығына ашуланды

Танымал дінтанушы, психиолог Айнұр Әбдірәсілқызы белгілі журналист Жанар Байсемізге сұхбат берді.
Онда ол қарыз, кредит алатын адамдар жайлы сөз етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жанар Байсеміз өзіне күн сайын қарыз, кредитін айтып шағымданушылар саны көп екенін жеткізді. Айнұр Әбдірәсілқызы қазір адамдар арасында бүкіл проблеманы Аллаға, шайтанға жабу сәнге айналғанын атап өтті.
«Қарыз алады, кредит алады, осымен Құдай мені сынап жатыр дейді. Маған да көп жазады сондай қыз-келіншектер. Сосын манипуляцияға кетеді, маған ешкім көмектеспесе мен өмірімді қиғым келеді, мен ары қарай өмір сүре алмаймын т.б. Неліктен біз осылай кетіп қалдық? Қарапайым адамдарға мүмкін діндарлар, дінтанушылар дұрыстап түсіндіре алмай жатыр ма?», — деп сұрақ қойды журналист.
«Мен осы нәрсені көп айтамын және таң қаламын. Неге екені белгісіз? Тура жолда тұрып, тура жолда тамаша нәрселер толып тұрса да, адамдар мүйізін шайқап барып, арнайы барып қате жолдарды таңдап алады. Өйткені қате жол оңай ғой.
Өте көп дұрыс-бұрыс ақпарат бар. Тағдырды біреуге, Аллаға жаба салу. Өзінің бойындағы бүкіл проблеманы, жауапкершілікті біреуге арта салу. Құдайдан көре салу, жаман істесе сайтаннан көре салу. Шайтанға жиі араша түсуге тура келеді. Шайтанды қоя тұрыңдар, шайтаннан бұрын өздерің бүлдіріп үлгересіңдер, шайтан келемін дегенше өздерің бәрін бүлдіріп үлгересіңдер деймін…Қазір шайтандардың өзі бізден қашатындай жағдайға жеткіздік», — деді дінтанушы Айнұр Әбдірәсілқызы.
Соңғы жаңалықтар





