«Бұл – тек менің емес, арманына сенген әр жастың кітабы»: Елдос Сметов туралы кітап жарық көрді
400
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзінің өмір жолы мен спорттағы жетістіктері туралы жазылған кітаптың жарық көргенін хабарлады, деп жазады Politico.kz.
Қуанышты жаңалығымен спортшы Instagram парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, «Төзім. Сенім. Жеңіс» атты кітапта спорттағы жеңісі мен жеңілісі, күмәні мен сенімі, арманы мен мақсаты қамтылған.
«Бұл кітап – тек мен туралы емес. Бұл – арманына адал болған әрбір жас спортшы туралы. Қандай қиындық кездессе де, мақсатыңа сеніп, еңбек етсең, бәрі мүмкін екенін дәлелдейтін өмір жолы», – деп жазды Елдос Сметов.
Сондай-ақ ол осы жолда қолдау көрсеткен отбасысына, бапкерлеріне, жанкүйерлеріне және барша қазақстандықтарға алғыс айтып, кітап оқырмандарға жігер беріп, өз арманына жетуге шабыт сыйласа, соны ең үлкен марапат санайтынын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар
08.09.2026
17:34
Президент Жолдауы және цифрлық трансформация: С...
08.09.2026
17:23
Су қоймада әкесі мен екі ұлы суға кетіп, із-түз...
08.09.2026
17:08
«Еңбек еткісі келгенге жұмыс табылады»: Қазақст...
08.09.2026
16:49
Қазақмыс Шу ауданын көркейтуге 800 млн теңге бөлді
08.09.2026
16:31
Хиджабқа бола лицензиядан айырыла ма: жекеменші...
08.09.2026
16:24
Баян Алагөзова: Дана Орманбаева іздеуде, кешірі...