Бурабайда квадроцикл тізгіндеген бойжеткен мерт болды
1043
Ақмола облысының Бурабай ауданында квадроцикл аударылып, салдарынан 22 жастағы Астана қаласының тұрғыны мерт болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Полицияның алдын ала мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы 7 шілде күні Зеленый Бор ауылы мен Бурабай кентінің арасындағы автожолда болған. Квадроциклді тізгіндеген бойжеткен көлікті басқара алмай қалып, салдарынан техника аударылып кеткен.
Жол апаты салдарынан ауыр жарақат алған жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды.
Көлікте бірге болған 19 жастағы жолаушы әртүрлі дене жарақатын алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
22:11
Айтуған Ғалымов: Әйелімнің тісін сындырған жоқпын
06.10.2026
21:49
Дастан Мұхамедрахым: Маңғыстаудікіндей табиғат ...
06.10.2026
21:30
Ерлан Карин әлемдік діни ұйымдардың өкілдерімен...
06.10.2026
20:40
Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық істер бойынша Еур...
06.10.2026
19:19
Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтанын Астана әуежай...
06.10.2026
18:35
Президент Қазақстан-Оман бизнес-форумында сөз с...