Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық істер бойынша Еуропалық конвенцияны ратификациялау туралы заңға қол қойды

06.10.2026 • 20:40 Қанат АЙБАР
Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық істер бойынша Еуропалық конвенцияны ратификациялау туралы заңға қол қойды
153
Фото: Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропалық конвенцияны ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Politico.kz.

Аталған конвенция уәкілетті халықаралық органдардың қылмыстық істерді тергеу барысындағы өзара іс-қимылын реттейді. Бұған дейін Бас прокуратура өкілдері түсіндіргендей, бұл құжатқа қосылу Қазақстанға шетелден қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер алуға және заңсыз шығарылған активтерді елге қайтаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа механизм трансұлттық қылмыстарды тергеу процесін жеңілдетуге бағытталған.

Заң талаптарына сәйкес, сұрау салуларды жолдау және қабылдау өкілеттіктері мынадай органдарға жүктелді:

Соттардың өндірісіндегі істер бойынша құқықтық көмек сұрауларын реттейді;

Қалған барлық қылмыстық істер бойынша уәкілетті орган болып белгіленді.

Сонымен бірге, Қазақстан тарапы конвенция аясында мүлікті іздестіру мен оған тыйым салу шараларын қоса алғанда, бірқатар арнайы ескертпелерді қарастырған.

Войдите, чтобы оставить комментарий