Президент Қазақстан-Оман бизнес-форумында сөз сөйлеп, ынтымақтастықтың басым бағыттарын атады

06.10.2026 • 18:35 Қанат АЙБАР
Президент Қазақстан-Оман бизнес-форумында сөз сөйлеп, ынтымақтастықтың басым бағыттарын атады
107
Фото: Aqorda

Мемлекет басшысы Қазақстан-Оман бизнес-форумында сөз сөйлеп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, қаржылық және логистикалық әріптестікті нығайтудың маңызды тұстарына тоқталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Президент Қазақстан-Оман іскерлік кеңесі екі елдің бизнес өкілдері өзара белсенді ықпалдасатын тиімді алаңға айналатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ мен Оман инвестициялық басқармасы арасында бірлескен инвестициялық құрылымды іске қосу туралы келісімге қол қойылғанын құптады. Бұл бастама тараптардың қаржылық мүмкіндіктерін біріктіріп, қосымша инвестиция тартуға жол ашады.

Сондай-ақ Оманның жақында құрылған Халықаралық қаржы орталығымен де тығыз байланыс орнату ұсынылды. Екі елдің қаржы институттары арасындағы тікелей қарым-қатынас жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға серпін береді.

Президент Оманды көлік-логистика саласындағы маңызды стратегиялық серіктес ретінде бағалады. Елдің дамыған порт инфрақұрылымы мен тиімді географиялық орналасуы Қазақстан үшін Таяу Шығыс пен Африка нарықтарына шығуға мүмкіндік береді.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оман кәсіпкерлерін серіктестік байланыстарды нығайту, келешегі зор жобаларды пысықтау және инвестиция ауқымын кеңейту үшін Іскерлік кеңестің мүмкіндіктерін толық пайдалануға шақырды.

Войдите, чтобы оставить комментарий