Бұрынғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
546
Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді.
«Астана қаласында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен аймақтық спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиын барысында Қарағанды және Павлодар облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармаларын басқаруға үміткерлердің кандидатуралары қаралды», — деп жазылған хабарламада.
Комиссия Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевті Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы қызметіне, ал ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашевті Павлодар облысы спорт басқармасының басшысы қызметіне тағайындауды мақұлдады.
«Комиссия отырысында кандидаттарға кәсіби тәжірибесі, өңірлерде спортты дамыту бойынша жоспарлары, сондай-ақ спорттық ғылым мен менеджмент саласындағы білімі туралы сұрақтар қойылды», – деді министрліктің баспасөз қызметі.
Министр Ербол Мырзабосынов жиында Президенттің XXXIII Жазғы Олимпиада ойындары жеңімпаздарымен кездесуде айтқан тапсырмасын еске салды. Мемлекет басшысы өңірлерде спорттың қандай түрлерін дамыту керектігін өз бетінше шешу мәселесіне назар аударып, спорт саласында басқарушылық вертикалды барлық деңгейде қалпына келтіруді тапсырған болатын.
“Осыған байланысты, облыстық спорт басқармаларын басқаруға үміткерлер ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссия мақұлдағаннан кейін ғана тағайындалады”, – деді министр.
Кандидаттарды іріктеу тәртібі
Айта кетейік, кандидаттарды ұсыну жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүзеге асырылады. Алайда министрлік жанындағы комиссияның оң қорытындысын алған үміткерлер ғана тағайындалуға жатады.
Серік Сәпиевтің жаңа қызметі Қарағанды облысында спорттың даму деңгейін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар
10.07.2026
11:35
Қазақ әндерін балағаттаған көкшетаулық әйел қам...
10.07.2026
11:26
«Жәбірленуші сөйлегенде мәз болды»: судья Сәрсе...
10.07.2026
11:10
Антальяда көз жұмған қазақстандықтың ісіне қаты...
10.07.2026
10:56
Қазақ әдебиеті қара жамылды
10.07.2026
10:38
Сарапшы: Парламент — жұлдыздар шеруін өткізетін...
10.07.2026
10:34
Меруерт Түсіпбаева бір ажалдан қалай аман қалға...