"Бұрынғымен салыстырасың": Алтынай Жорабаева күйеуін ел алдында мақтады
![](/img/articles/d496dba4cdc73c022c01df2f6ec441cc.jpeg)
“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева күйеуінің қамқорлық жасайтынын айтты.
Өнер иесі жолдасының ерекше қасиеттерін айтып, қыз-келіншектерге кеңес берді. Тіпті барлық жағдайын жасап қоятынын жеткізді
“Көлігімнің майын ауыстырып, ішетін суыма дейін дайындап қояды. Әлішердің осындай қамқорлығын көрсеткенде көп әйел маған ренжиді: “Сіз осылай айтасыз, біздің еркектеріміз мұның біреуін де істемейді” деп жазады. Олай ер-азаматтарыңызға ренжімеңіздер! Әдей мақтанып немесе сіздерді шағыстырып отырған жоқпын. Бұл кісінің табиғаты сондай. Бірақ “Бұрынғымен салыстырасың, “қандай болдым” деген сияқты ойлардың болатыны жасырын емес. Кейде өзінен де сұраймын: “Неге осылардың бәрін өзің жасайсың, маған неге жасатқың келмейді” деп. “Мұндай тірліктер менің еркек ретіндегі – міндетім. Менің қалауым. Өзім осындай қамқорлық жасағаннан ләззат аламын. Кім не ойласа да – ол оның ойы” деді. Осындай сөздеріне қуанамын”, – деді әнші.
Соңғы жаңалықтар
![](../img/articles/23c88695ec67c237b8fa4a4374e95164.jpg)
![](../img/articles/e07ab59a9704b51d62ab8801590c236d.webp)
![](../img/articles/dd90557fb59c237cbb3a42cef8054639.jpg)
![](../img/articles/f5ba2e9ec49b8f1de2dc2b12c7491ddf.webp)
![](../img/articles/2b9e81e0768758c61d63506777ba93f2.jpg)
![](../img/articles/df6761567ec732d1169fb59aa4e3e288.jpg)