«Буындарымнан тер бұрқ етті»: Алтынай Жорабаева босанған әйелдерге үндеу жасады
Белгілі әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде денсаулығына қатысты әсерімен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Өнер иесі босанған әйелдерге арналған ұлттық тағам — быламықтың ағзаға тигізер пайдасына тоқталды. Айтуынша, бұл тағамды тұтынғаннан кейін өзін әлдеқайда сергек сезіне бастаған.
«СубһанАллаһ, буындарымнан тер бұрқ етіп шығып жатыр. Бұған дейін ыстық сүт шайды 2–3 кеседен ішсем де, мұндай әсер болмаған еді. Быламықтың тіске, деснаға да пайдасы бар екен. Қазағым — расымен дана халық», — деп жазды әнші.
Сонымен қатар, Алтынай Жорабаева артық салмақ үшін алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтып өтті. Оның сөзінше, бұл кезеңде ең басты назар — денсаулықта болуы тиіс.
«Быламық жеп жүрмін деп, фигураң бұзылады деп жазып жатқандар бар. Уайымдамаңыздар. Аллаға шүкір, күш-қуатым жеткілікті. Ең маңыздысы — денсаулық. Әр кезеңді дұрыс өткізіп, ағзаға күтім жасау керек», — деді ол.
Әншінің жазбасы желі қолданушылары тарапынан қолдауға ие болып, ұлттық тағамдардың пайдасы жайлы пікірталас тудырды.
Соңғы жаңалықтар