”Былапыттарды эфирге шығаруға анасының тәрбиесі әсер етпеген екен”: Сәуле Әбілдаханқызы Аша Матай туралы
Журналист Сәуле Әбілдаханқызы депутаттыққа үміткер Аша Матайды саяси сауатсыз деп айыптады, деп хабарлайды Politico.kz сaravan.kz сайтына сілтеп.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазып, тележүргізушінің саясатқа келуін қатаң сынға алды.
"Қызу саяси дода басталғанда «төменетекті әйелмін, ер-азаматпен айтыспаймын» деп, саяси сауатсыздығыңды «әйелдігіңмен» ақтайтының бар, дискуссиядан қашатының бар, партияда, Құрылтайда, саясатта атаңның басы бар ма? Неге бардың ендеше? Асүйде ет асып, жұмыртқа қуырып, кір жуып отыра берсейші", – деді Сәуле Әбілдаханқызы.
Сондай-ақ журналист саясаттың бос бейне көрсететін орын емес екенін айтып, үміткердің заңды есіміне қатысты да сұрақ қойды.
"Саясат деген, партия деген, Құрылтай деген – айтыс-тартыс, жаға жыртыс, бергеннің қолынан, бермегеннің жолынан алатын жер! Халық үшін, мемлекет үшін жанпида жер! Өліспей беріспейтін, еркек түгіл ібіліспен ұрысатын, ел үшін тұрысатын жер. Бес тонна бояу жағып, өтірік майысып, образға кіріп отыратын жер емес. Әйелдігіңді үйіңде күйеуіңе көрсет. «Депутат боламын» деп саясатқа келген екенсің – сол орынға лайық екеніңді дәлелде, саяси сауаттылығыңды көрсет! Ол жоқ па – саясатта жоқ бол! Пысы: Телеарнада тәрбиесіз былапыттарды эфирге шығаруға анасының тәрбиесі әсер етпеген екен. Айтпақшы, бұның шын аты-жөні кім? Өтірік, жалған, лақап атпен сайлауға қатыса ма, әлде заңды, шынайы аты-жөнімен қатыса ма? Өтірік аты-жөнімен қатысса – заң бұзушылық болады. Кандидаттығы қай есімімен тіркелген", – деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар