Черчесов Қазақстаннан 1 млн еуро өтемақысын алып, басқа клубқа ауыспақшы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Шешенстанның «Ахмат» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ресейлік футбол инсайдері Иван Карпов жазды. Дереккөздің мәліметінше, Грозный клубы Черчесовті Қазақстан қызметінен қуатын болса, қыста алғылары келіп отыр. Қазіргі кезде «Ахмат» клубын Сергей Ташуев жаттықтырады. Оның алдында Қазақстан құрамасының экс-бапкері Магомед Адиев баптаған.
Еске салайық, 2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама Ұлттар лигасында алты матчта бірде-бір гол соқпады. Соңғы бес ойында Қазақстан барлық қарсыластарынан 15 гол жіберді.
Айта кетсек, егер Черчесовті мерзімінен бұрын қызметінен қуса, 1 миллион еуро өтемақы төлейді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.11.2026
15:31
31 жастағы жетісулық келіншек төртем босанды
10.11.2026
15:10
«Үш баламен тентіретпе»: әзілкештің әйелі отбас...
10.11.2026
14:29
Қаракемерде үш жасөспірімнің өлімі: бопсалау іс...
10.11.2026
14:10
«Небір операцияларды өткердік»: Төреғали Төреәл...
10.11.2026
13:57
Оралда полиция майоры әріптесін пышақтады деген...
10.11.2026
13:21
Тоқаев тіл мәселесін желеу етіп, елді арандатат...