Черногория не себепті Дина Таңсәріні экстрадициялаудан бас тартты?

Черногория не себепті Дина Таңсәріні экстрадициялаудан бас тартты?
15.04.2025 18:47
0
37
Facebook/Дина Таңсәрі

Бас прокуратура «НеМолчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәріні Черногория Қазақстанға экстрадициялаудан не себепті бар тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық Динара Смаилова (Дина Таңсәрі) 14 сәуірде Черногорияда ұсталған болатын. Бүгін 15 сәуірде соты өтіп, қамаудан босатылды.

«ҚР ІІМ Интерполы Д.Смаилованың Черногорияда жүргенін анықтады. Осыған байланысты Бас прокуратура осы елдің өкілетті органдарына оны бізге беру туралы сауал жолдаған еді. Қазіргі таңда Қазақстан мен Черногория арасында адамдарды беру туралы халықаралық шарт жоқ, сол себепті шет мемлекет Смаилованы экстрадициялаудан бас тартты. Соттың қабылдаған шешіміне қарамастан Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары оны қылмыстық жауапқа тарту бойынша жұмысты жалғастырады», - делінген хабарламада.

Бас прокуратураның ақпаратынша, Дина Таңсәрінің үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағы 2-тармақшасы бойынша іс қозғалған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий