Чилилік «Димаш Құдайберген» көпшілікті таңғалдырды
22 жастағы Пабло Ромеро Чилидің Чильян қаласынан шыққан. Ол TVN телеарнасындағы әйгілі «Mi Nombre Es» пародиялық шоуында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің бейнесінде сахнаға шықты.
Байқау барысында Пабло «Дайдидау» әнін қазақ тілінде орындап, көрермен мен қазылар алқасын ерекше әсерге бөледі. Оның вокалдық шеберлігі, орындау мәнері мен сахнадағы келбеті Димаштың өзін айнытпай еске салды. Көрермендер өнерпазды ұзақ қол шапалақпен қарсы алды.
Шоу үзіндісі әлеуметтік желілерде лезде тарап, Қазақстан мен Латын Америкасы елдерінде қызу талқыланды. Көптеген қолданушылар: «Дауысы мен тембрі Димашқа өте ұқсас», «Қазақ тіліндегі ән әдемі әрі әсерлі естіледі» деп пікір қалдырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
18:18
Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған 22 жастағы ер...
30.10.2026
18:08
Қайрат Сатыбалды мемлекетке қайтарған қонақүй 1...
30.10.2026
16:51
Шортандыда вагон үстіне шыққан оқушыны тоқ соқты
30.10.2026
16:25
Жетісуда «жүкті» әйел 15 тәулікке қамалды
30.10.2026
16:06
Елордада Есіл өзенінен адам мәйіті табылды
30.10.2026
16:04
«Балалар үшін үйленбедім»: Медеу Арынбаев марқұ...