Дала Қыраны Нұрғали Тұрсынғазиев Азия чемпионы атанды

04.11.2025 11:52 Арман Ермеков
Дала Қыраны Нұрғали Тұрсынғазиев Азия чемпионы атанды
0
105
Нұрғали Тұрсынғазиев. Фото: Қазақ күресінен Азия чемпионаты

Дала Қырандары қозғалысының үйлестірушісі Нұрғали Тұрсынғазиев қазақ күресінен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

28–30 қазан аралығында Түркістан қаласында құрлықтың ең мықты балуандарын біріктірген қазақ күресінен Азия чемпионаты өтті. Жарыс Olympic Center спорт кешенінде ұйымдастырылып, оған Азияның 12 елінен 150-ге жуық балуан қатысты. Олардың қатарында Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Үндістан және Жапония елдерінің спортшылары болды.
Құрлық біріншілігінде ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынды. Т

урнирдің ең жарқын қатысушыларының бірі – Дала Қырандары қозғалысының үйлестірушісі Нұрғали Тұрсынғазиев. Ол 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жоғары шеберлік танытты.
Нұрғали төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Алғашқы айналымда ол Филиппин балуанын тізе бүктірсе, кейін Өзбекстан, Үндістан және Қырғызстан спортшыларынан басым түсті. Осылайша ол сенімді түрде Азия чемпионы атанды.

«Мен төрт белдесу өткіздім. Алғашқы айналымда филиппиндік балуанды жеңдім, кейін өзбекстандық, үндістандық және қырғызстандық қарсыластарымды ұттым», – деді Нұрғали Тұрсынғазиев.

Бұл жеңіс спортшының көп жылғы еңбегінің нәтижесі. Бұған дейін Нұрғали әлем чемпионатының қола жүлдегері және Азия кубогының жеңімпазы атанған болатын. Енді ол өз деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, Азияның үздігіне айналды.

Дала Қырандары қозғалысы үшін бұл жеңіс – нағыз патриотизмнің, рухтың беріктігінің және ұлттық құндылықтарға адалдықтың үлгісі. Біз еліміздің намысын асқақтатып жүрген осындай чемпиондарымызбен мақтанамыз.

Нұрғали Тұрсынғазиевті лайықты жеңісімен құттықтаймыз және әлемдік ареналарда жаңа табыстар тілейміз.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий