Дана Нұржігіт сұхбат кезінде көзіне жас алды

Дана Нұржігіт сұхбат кезінде көзіне жас алды
24.10.2025 21:41
0
78

Тележурналист Дана Нұржігіт «КЕШREC» бағдарламасында «Хабар» телеарнасындағы еңбек жолын есіне түсіріп, көзіне жас алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Ол «Хабарға» келген кезде 8 ай штаттан тыс жұмыс істегенін, анасы басқа салаға кетуге үгіттегенін атап өтті.

«Бір тиын ақша алмадым. Осы жердің еденін жууға даяр болдым. Барып кел, шауып келге ғана лайық бала едім. Үлкен кісілердің қолына су құйып өстім. Қай жұмысқа жексе де абыроймен атқаруға тырыстым. Әкімші де, ассистент те болдым. Менің жұмысқа келгенде кірпияздығым жоқ. Сол еңбекқорлығыма өзім дән ризамын. Ал анам «таңертең кетесің, тілің салақтап түнде келесің. Ол жерде сені кім күтіп отыр? Танысымыз да жоқ, телевизияда ешкіміміз жоқ, сен ол жақтан не іздеп жүрсің? Консерваторияны бітірдің, қолыңдағы дипломмен неге мұғалім болмайсың?» деп үнемі ренжитін. Бірақ сегіз айдан кейін алғашқы 12 мың жалақымды алып, анама әдемі кардиган сатып алып бердім», - деген тележурналистің көңілі босап кетті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий