Дариға Бадықова бұрынғы күйеуі жайлы ағынан жарылды

Танымал актриса Дариға Бадықова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевпен қарым-қатынасының жай-жапсарын айтып, қоғамда қызу талқыға түскен мәлімдемелер жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бадықова бұрынғы күйеуінің табыс таппай, тіпті күнделікті қажеттіліктерге де өзінен ақша сұрап отырғанын айтты.
«Жер үйді салған кезде ақша жоқ. Қақпасы жоқ үйден кіріп-шығуға ұялатынмын. Бұйырғаны болады ғой, Құдай береді дейді. Сөйтсе, «Құдайы мен». Иә, жерді алды, бірақ үйді менің ақшама салдық. Бірақ мен үйді беріп кеттім. Мен неге осы уақытқа дейін ол кісінің газын, светін төйлеп отырдым?! Театрда жүреді, бірақ маған рөл бермейді деп отырады. Рөл бермесе кетпейсің бе енді, дедім. Қолындағысын лақтырады, қирата салады. «Таптым-ау сені» киносын түсірмей жатып үйден кетіп қалған адаммын. Мен жүріп кеткен, көзіне шөп салып кеткен әйел болсам ол менен көк тиын алмайтын еді. Дүкеннен нан ала сал десең, ақша берсеңші дейді. Нанға ақшасы жоқ. Аузына Алланы алып «жертва» болмай-ақ қойсын. Меккеге жолдама алып берші деп алғызып алды. Меккеге миллион теңге бердім. Менің ақшаммен екі рет Меккеге барып келді», - дейді Дариға Бадықова.
Соңғы жаңалықтар





