Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі күйзелістен 40 келіге арықтағанын айтты

Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі күйзелістен 40 келіге арықтағанын айтты
13.10.2025 10:41
0
125
Фото: instagram.com/dariga_badykova

Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі сторисінде шығармашылыққа бет бұрғанын жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оның айтуынша, олар студияда ән жазып, кино сценарийін қарап, алдағы күндерге арналған жоспарларды талқылаумен айналысуда.

«Қазір студияда ән жазып, киноның сценарийін қарап, болашақ жоспарларды пысықтап отырмыз», – деп жазды актер өз жазбасында.
Сондай-ақ, Дархан Мұсаев біраз уақыт бойы әлеуметтік желіде көрінбей кеткенін айтып, қазіргі жағдайының жақсы екенін жеткізді.
«Мені жоғалып кетті деп уайымдап жүрген ағайынға айтарым – Аллаға шүкір, бәрі жақсы. «Өмірде қателесіп сүрінсең де, балам, құлауға хақың жоқ» деген әкемнің бір ауыз сөзі маған үлкен жігер берді. Сол сөзден кейін өзімді қолға алып, спортпен айналыса бастадым. Сол күннен бері үш ай өтті. Осы уақыт аралығында 130 келіден 90 келіге дейін түстім. Тағы бір түйгенім – ешбір жеңіс еңбексіз келмейді екен. Құлау оңай, ал қайта тұру қиын!», – деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий