Дариға Бадықова:Жегім келгенді жеймін, ішкім келгенді ішемін

Актриса Дариға Бадықова сұхбатында сымбат пен сырт келбетке қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Ол ешқандай диета ұстанбайтынын, қалаған тағамын еркін жейтінін жеткізді. Өзін «комплексі жоқ, өз-өзіне риза әйелмін» деп сипаттаған актриса сыртқы келбетке емес, ішкі үйлесім мен өз-өзіңді қабылдай білудің маңызды екенін атап өтті.
"Менде салмақ тастау деген нәрсе жоқ. Жегім келгенді жеймін, ішкім келгенді ішемін. Диета да ұстамаймын. Бәріміз арықтап кетсек, білмеймін енді. Комплексім жоқ. Егер комплексімболса, өзімді қабылдамаған болсам, мүмкін делдал болатын шығармын. Өзімді қабылдағанмын, өзімді-өзім ұнатамын", - деді ол.
Бадықованың бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қолдау тауып, қызу талқылануда.
Соңғы жаңалықтар





