Дариға Назарбаеваның қайда жүргені белгілі болды

Қазақстанның экс-президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева Алматыдағы жабық іс-шарасында бой көрсетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Курсивке сілтеме жасап.
8 қыркүйекте жаңарған заманауи мәдениет орталығында өткен жеке іс-шарада Дариға Назарбаева қонақ болды. Айта кетейік, үш күн ішінде «Целинныйға» Назарбаевадан бөлек Алматының 12 мың тұрғыны мен қонақтары келген. Назарбаеваның шараға жалғыз өзі келгені назар аудартты. Қасында күзетшілері байқалмаған.
Кеш бойы ол өзге қонақтармен емен-жарқын амандасып, қолында шампан бокалын ұстаған күйі әңгімелесті. 62 жастағы бизнесвумен мәдени шараға гүл шоқтарын алып келген.
Айта кетейік, «Целинный» ЦСК негізін қалаушы Қайрат Боранбаев Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы саналады. Себебі Боранбаевтың қызы Әлима Назарбаеваның ұлы Айсұлтанға тұрмысқа шыққан болатын. Өкінішке қарай, Айсұлтан 2020 жылы қайғылы жағдайда көз жұмған еді.
Соңғы жаңалықтар





