Дәрігер әйел екі баласын өлтіріп, өзіне қол салды

Дәрігер әйел екі баласын өлтіріп, өзіне қол салды
11.08.2025 09:01
0
524
Ашық дереккөз

Екатеринбург қаласында қайғылы оқиға орын алды. Бардин көшесіндегі көпқабатты үй пәтерінде әйел өзінің екі баласын — 9 жастағы ұлын және 3 жастағы қызын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған.

Алдын ала деректер бойынша, әйел балаларға белгісіз препараттар енгізген, соның салдарынан олар көз жұмған.

Көршілердің айтуынша, таңертең пәтерге газ қызметінің мамандары шақыртылған. Алдын ала мәліметке сәйкес, дәл солар анасы мен балалардың денесін тауып алған.

Марқұм жергілікті ауруханалардың бірінде ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) маманы болып жұмыс істеген. Ол балаларымен бірге тұрған, жолдасы болмаған.

Кейін бұл ақпаратты Тергеу комитеті мен ІІМ растады. Екі адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. ІІМ мәліметінше, әйелдің анасынан — балалардың әжесінен — қызының байланысқа шықпай жатқаны туралы хабар түскен. Ол қызының депрессияға байланысты ойланбай әрекет етуі мүмкін екенін айтқан.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий