Дәрігер ерлі-зайыптылардың мәйітін 30 жыл бойы тоңазытқышта сақтап келген

Дәрігер ерлі-зайыптылардың мәйітін 30 жыл бойы тоңазытқышта сақтап келген
15.09.2025 13:22
0
70
pixabay.com

Финляндияда қоғамды елең еткізген оқиға орын алды: Турку қаласындағы жеке үйден шамамен 30 жыл бойы мұздатқышта сақталған ерлі-зайыптылардың денесі табылды.

Полиция мәліметінше, мүрделер 1994 және 1995 жылдары қайтыс болған адамдарға тиесілі екен. Негізі олар жерленуі тиіс болғанымен, белгісіз себептермен бұл орындалмаған. Оқиғаның ашылуына 80 жастағы дәрігердің күмәнді әрекеттері түрткі болған. Ол ритуалдық қызметтер көрсетумен айналысып, соңғы айларда құқық қорғау органдарының назарын аударған.

Үйді тінту барысында бірнеше мұздатқыш анықталып, олардың ішінде екі бөлек құрылғыдан ерлі-зайыптылардың денесі табылған. Оңтүстік-Батыс Финляндия полициясының детективі Лассе Пунктуате оқиғаның мән-жайын растап, қазір тергеу жалғасып жатқанын хабарлады. Бұл күтпеген жағдай Финляндия қоғамын дүр сілкіндіріп, әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий