Дәрігер қателесіп науқастың сау аяғын, кейін екінші аяғын кесіп тастаған

Дәрігер қателесіп науқастың сау аяғын, кейін екінші аяғын кесіп тастаған
24.07.2025 11:01
0
378
Фото: freepik.com

Өзбестандағы Ферғана облысында дәрігер қателесіп науқастың екі аяғын кесіп тастағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеп. 

Белгілі болғандай, Адинахон Исомитдинова есімді науқас 2024 жылғы 18 қазанда ауруханаға түскен. Оған екінші типтегі қант диабеті деген диагноз қойылған.

Хирург дәрігер әйелдің сол аяғының орнына сау оң аяғын кесіп тастаған. Кейіннен сол аяғын да ампутациялаған. Екі бірдей ауыр отаға шыдамаған әйел 2024 жылғы 7 қарашада көз жұмды.

Сот дәрігерді кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады және қайтыс болған әйелдің заңды өкіліне 27 млн 806 мың сум көлемінде материалдық, тағы 80 млн сум моральдық шығын өтеуге міндеттеді.

Кейін қылмыстық іс апелляциялық тәртіппен қаралды. Дәрігер өзінің әрекетінде қылмыстың құрамы жоқ екенін алға тартқан.

Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий