Дәрігерлер Бестеректегі апаттан комаға түскен қыздың өмірін сақтап қала алмады

Дәрігерлер Бестеректегі апаттан комаға түскен қыздың өмірін сақтап қала алмады
07.10.2025 08:11
0
234
Фото: DC Studio
Бестеректегі жол апатының құрбандары төртеуге жетті

Бір айдан астам комада жатқан қыз көз жұмды, деп жазады POLITICO.KZ.

Абай облысының Бестерек ауылында тамыз айында болған жол апатынан кейін комада жатқан қыз көз жұмды. 9 жастағы Айзере бір айдан астам уақыт ес-түссіз жатқан. Осылайша, бұл қайғылы оқиғада қаза тапқан балалардың саны төртке жетті.

Аймақтық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қыздың жағдайы өте ауыр болған.

«Баланың жағдайы өте ауыр болды. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті, бірақ жарақаттар тым ауыр болып шықты. Ол есіне келмей-ақ қаза тапты», – деді өңірдің денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 19 тамыз күні болған еді. Toyota көлігін тізгіндеген 55 жастағы жүргізуші көшеде ойнап жүрген алты баланы қағып кеткен. Апат салдарынан екі бала оқиға орнында, ал үшіншісі ауруханаға бара жатқан жолда жан тапсырған.

Оқиғадан кейін Президенттің тапсырмасымен зардап шеккен үш баланы құтқару үшін арнайы әскери ұшақ жіберілген болатын. Кейін дәрігерлердің шешімімен екі бала санитарлық авиация арқылы Астана қаласына жеткізілді. Ал жағдайы ең ауыр болған қыз алдымен Үржар аудандық ауруханасына, одан кейін тікұшақпен Семей қаласына жеткізілген.

Апаттан аман қалған қалған екі бала – Айерке мен Ераділ Тұрсынғазы ұзақ мерзімді емнен кейін сауығып, қазіргі уақытта үйлерінде оңалту курсынан өтіп жатыр.

Бестерек ауылында болған бұл жол апаты бүкіл елді дүр сілкіндірген еді. Бір сәтте бірнеше баласынан айырылған отбасылар мен ауыл тұрғындары әлі де сол қайғылы күннің ауыр салдарын ұмыта алмай отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий