«Дәстүр» фильмінің жұлдызы алғаш рет әке атанды

Қазақстандық актер Ермек Шынболатов алғаш рет әке атанды. Бұл қуанышты жаңалықты ол Instagram парақшасында бөлісті. Актер перзентханадан шыққан сәттен кейін түсірілген суреттерді жариялап, ұлының дүниеге келгені туралы жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Сәуір айының ортасында Ермек Шынболатов пен жұбайы тұңғыштарын күтіп жүргендерін мәлімдеп, табиғат аясында ковбой стиліндегі фотосессия өткізген болатын.
Әке атанған сәтін Ермек әлеуметтік желідегі достарымен және жанкүйерлерімен бөлісуге асықты. Ол стористе бірнеше жылы сурет жариялады: алғашқы кадрда — гүлге толы бөлме, люлька-переноска және түрлі сыйлықтар, ал бөлме әдемі шарлармен безендірілген.
«Қош келдің, ұлым», – деп жазды актер.
Келесі фотода Ермек сүйікті жұбайын құшақтап, маңдайынан сүйіп тұрған сәт бейнеленген. Бұл кадрлар желі қолданушыларының жылы лебізіне ие болды.
Соңғы жаңалықтар





