«Дау төбелеске ұласқан»: экс-шенеунік Бабақұмаровтың қалай қаза тапқаны белгілі болды

30.10.2025 11:33 Мөлдір Талғат
«Дау төбелеске ұласқан»: экс-шенеунік Бабақұмаровтың қалай қаза тапқаны белгілі болды
0
742

Астанада белгілі саясаткер және мемлекет қайраткері Ержан Бабақұмаровтың қайтыс болғаны туралы ақпарат жұртшылықты дүр сілкіндірді.

Полиция мәліметінше, бұрынғы шенеунік 30 қазанға қараған түні соққыға жығылып, алған ауыр жарақаттарынан көз жұмған. Тергеу дерегіне сәйкес, сол түні Бабақұмаров таныстарымен бірге болған кеш барысында жанжал туындап, дау төбелеске ұласқан. Оқиға салдарынан ол ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Бұл фактіге байланысты Астана қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Ресми хабарламада 56 жастағы ер адамның бұрын таныс адамдар арасындағы ауызша кикілжіңнің салдарынан қаза тапқаны айтылған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий