"Дауысы жоқ қой": әнші Қайрат Нұртас конкурста ән айтамын деп ұятқа қалды

Танымал әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде қызу талқылауға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Желіде тараған бейнежазбада оның бір тойда өткен конкурс кезінде ән айтып жатқан сәті көрінеді. Видео кадрларынан әншінің айналасында бірқатар танымал блогерлердің жүргенін байқауға болады. Жуырда үйлену тойларын дүркіретіп өткізген Жанабіловтер отбасын ескерсек, бұл оқиға дәл сол кеште орын алған болуы мүмкін деген болжам бар.
Алайда көпшілік Қайрат Нұртастың бұл жолғы өнерін оң қабылдаған жоқ. Әншінің орындауындағы туынды әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан сынға ұшырады. Олар әншінің дауыс сапасына, сахнадағы өзін ұстау мәнеріне және ән мәтінін білмеуіне байланысты жағымсыз пікірлер жазып қалдырған. Көпшілік арасында «Дауысы жоқ қой, сахнада қалай жүр», «Айтуын ол айтты, ұялуын біз ұялдық», «Сөзін білмейді ғой», «Не болды сонша бақырып», «Тойға қанша ақша төлеп шақырды?» деген секілді пікірлер жиі кездеседі.
Бұл жағдай Қайрат Нұртастың өнеріне деген қоғам көзқарасының бір сәттік көрінісі ғана болуы мүмкін, дегенмен желідегі қызу реакция оның репутациясына әсер етпей қоймайтыны анық.
Соңғы жаңалықтар





