Декретте қызметтік көлікпен жүрген шенеуніктің әйелі алкотестен өтуден жалтарды

11.03.2026 17:04 Әсел Мұрат
Декретте қызметтік көлікпен жүрген шенеуніктің әйелі алкотестен өтуден жалтарды
74
Фото: ашық дереккөз

Павлодар соты Еңбек мобильдігі орталығының директоры Меруерт Есембаеваны алкогольдік мас күйін анықтау үшін тексеруден өтуден бас тартқаны үшін кінәлі деп таныды. Әйел сегіз жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Politico.kz Nege.kz порталына сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2026 жылы 22 ақпанға қараған түні Меруерт Есембаева қызметтік Chery Tiggo 7 Pro көлігімен келе жатып, полицияның тоқтау туралы талабына бағынбаған. Кейін полиция соңынан қуып тоқтатқанымен, ол алкогольдік тексерістен өтпеген.

Сотта Есембаева мен қорғаушылары оның кінәсіз екенін дәлелдемек болды. Айтуынша, ол өзін нашар сезініп, алкотестерді үрлей алмаған. Алайда полиция қызметкерлерінің бейнежетондарындағы және медициналық тексеру орталығындағы камералардағы жазбалар мүлде басқа жағдайды көрсеткен: айыпталушы өзін әдепсіз ұстаған: дәрігердің қолын итеріп, бейәдеп сөздер айтқан, медицина қызметкерінен «Сен кімсің өзі?» деп сұрап, наркологқа құрылғыны өзі үрлеуін ұсынған.

Бұған қоса полицейлерге берген жауабын өзгертіп отырған: алдымен «оң жақ бүйірім ауырып тұр» десе, кейін сол жағы ауыратынын айтып, куәгерлерді шақыруды талап еткен және үйде балалары күтіп отырғанын айтып, сытылып кетпек болған. 

Соңында ол өзіне жедел жәрдем шақыртып, алкогольдік тексеруден өтпестен ауруханаға кетіп қалған. Полиция қызметкерлері сотта көліктің іші ретсіз болғанын, ішінде сыраның ашық құтысы мен чечил ірімшігі болғанын мәлімдеді.

Сот бейнежазбаларды зерттеп, шенеунік әйел тексерістен жалтару үшін ауырғандай болып көрінген деген қорытындыға келді.

Кәмелетке толмаған төрт баласы болғандықтан, Есембаеа қамауға алынбады. Алайда сегіз жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Судья Адамжанова Павлодар облысының әкіміне де жеке қаулы шығарды. Өңір басшылығына бір ай ішінде мемлекеттік мекеменің көлігі декреттегі қызметкердің қолына қалай түскенін анықтап, соған жол берген адамдарды жауапкершілікке тарту тапсырылды.

Меруерт Есембаева – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаевтың жұбайы. Ол ресми түрде декреттік демалыста жүргеніне қарамастан, қызметтік көлікті жеке шаруасына пайдаланған.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий