Декреттегі мұғалім гвардияның бес көлігін өртеп жіберді

Калугада жас ана арнайы тұрақта Росгвардияның бес қызметтік көлігін өртеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол мұндай әрекетке украиналық алаяқтардың тапсырмасымен баруы мүмкін, өйткені олар оның ақшасын ұрлап алған. Үйінде үш айлық нәрестесі қалған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Mash ақпараттық ресурсының хабарлауынша, оқиға бүгін түнгі екі шамасында болған. Қыз тұраққа заңсыз өтіп, көліктерді бензинмен шылап, өрт қойған. Барлық әрекетті телефон арқылы видеоға түсіріп отырған. Өрт қойғаннан кейін ол оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан.
Алайда көп ұзамай оны ФСБ қызметкерлері ұстап алды. Белгілі болғандай, күдікті — 1999 жылы туған жергілікті тұрғын. Қыздың үйінде оны үш айлық сәбиі күтіп отырған.
Шығын көлемі шамамен 5 миллион рубль деп бағалануда.
Соңғы жаңалықтар





