«Денеңізді көрсетпесеңіз болмай ма?»: ашық киінген Мақпал Исабекова тағы сынға қалды

Өткен демалыс күндері, танымал әншілер Мақпал Исабекова мен Дильназ Ахмадиева бір сахнада өнер көрсетіп, танымал «Қимадың деп айтпа» әнін орындады. Олардың дуэті тек тыңдармандардың ғана емес, сын айтушылардың да назарын аударды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Исабекова әлеуметтік желілерде бірнеше жазба жариялап, концерттен және грим бөлмесінен алынған кадрлармен бөлісті. Әншілердің батыл образдары қызу талқылауға себеп болды, бірақ пікірлердің барлығы бірдей жағымды болмады.
«Барлығы тамаша, бірақ ашық киінудің қажеті жоқ еді. Сіз – екі баланың анасысыз»,
«Денеңізді көрсетпесеңіз болмай ма?»,
«Тұрмыстағы әйелге мұндай киім жараспайды»,
«Маған ұнамайды. Менің пікірім: дауысы да, сұлулығы да, харизмасы да жоқ»,
«Өте жағымсыз адам», - деп жазды көпшілік.
Әнші сол киіммен түскен тағы бірнеше фотосуретті жариялап, былай деп жазды:
«Бұл көйлек Пандораның сандығын ашты»
Сондай-ақ, Мақпал Исабекова әзілмен қосты:
«Менің сүйікті ұятмендерім, мен сіздерді қатты сағындым, декрет кезінде жетіспедіңіздер. Алысқа кетпеңіздер, мен сіздерді әлі «қуанта» беремін», – деп түйіндеді ол.
Соңғы жаңалықтар





