Бақытжан Базарбек Rams Qazaqstan-ға 40 қабатты үй құрылысын тоқтату туралы құжатты табыстады

Алматыдағы даулы нысандардың бірі – 40 қабатты Rams Beyond Almaty кешенінің құрылыс-монтаждау жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бүгін, 28 тамызда Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы Rams Qazaqstan құрылыс компаниясына Rams Beyond Almaty кешенінің құрылысын тоқтату туралы нұсқама берді. Бұл жаңалықты Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, нұсқаманың өзінің рейді кезінде тапсырылғанын жазды.
Бұл жоба басынан бастап қала тұрғындарының қатаң сынына ұшыраған болатын. Белсенділер бұл аумақтың көлік және тұрғын үй кешендерімен онсыз да шамадан тыс жүктелгенін және жақын маңда жасыл аймақтардың жоқтығын алға тартқан.
Сонымен қатар, Алматыда тоғыз қабаттан биік ғимараттарды салуға шектеу бар екені белгілі. Алайда, Rams компаниясы бұл жобаны "бірегей" деп таныту арқылы осы ережені айналып өткен. Бұл мәселені депутат Бақытжан Базарбекпен қатар оның әріптесі Сергей Пономарёв та бірнеше рет көтерген болатын.
"Бүгін біз Алматыдағы РАМС-тың 40 қабатты ғимаратының құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтаттық! Менің рейдім барысында МСҚБ нұсқама тапсырды!" – деп жазды Бақытжан Базарбек facebook парақшасында.
Соңғы жаңалықтар





