Депутат жол апатынан қаза тапты

Депутат жол апатынан қаза тапты
25.07.2025 12:02
0
1036
istock

Украинада Жоғарғы Рада депутаты жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы «Украинская правда» басылымы хабарлады.

Мәліметке сәйкес, депутат Ярослав Рущишин Ивано-Франковск облысындағы Бабухово ауылы маңындағы жолда мотоцикл жүргізіп келе жатқанда көлік тізгініне ие бола алмай, апатқа ұшыраған. Ол ауруханаға жеткізілген сәтте көз жұмған.

22 шілдеде Украина Ұлттық полициясының басшысы Иван Выговский тағы бір жол-көлік оқиғасы туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, «Лють» шабуылдаушы бригадасының командирі Максим Казбан Донецк халық республикасы аумағында (Киевтің бақылауындағы) болған апат салдарынан мерт болған.

Сондай-ақ, жуырда Испанияда Украина ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бұрынғы қызметкері Игорь Грушевскийдің мәйіті табылған. Ол Villajoyosa қаласындағы Cala Alta тұрғын үй кешеніндегі бассейнде батып кеткен. Ресми органдар өлімнің басқа мән-жайларын нақтыламады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий