Депутаттар «Президент туралы» заңға өзгерістер енгізбек

Депутаттар «Президент туралы» заңға өзгерістер енгізбек
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс конституциялық заң жобаларын қарауға кірісті. Олардың қатарында «Президент туралы» заң бар, деп хабарлайды Politico.kz.

Заң жобасы заң шығару бастамасы тәртібімен президенттің арнайы Жолдауы арқылы мәжіліс қарауына енгізілген.

«Заң жобасы Қазақстан Республикасының Президенті мен Вице-президентінің құқықтық мәртебесін айқындайды. Құжат 8 тарау және 43 баптан тұрады», – деді депутат Снежанна Имашева.

Оның айтуынша, Президент туралы заң жобасы республикалық референдумда қабылданған Конституцияға сәйкес әзірленген. Конституциялық заң жобасын Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысында қарау үшін, әр палата арнайы комиссияға өз өкілдерін сайлауы қажет.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу