«Депутаттыққа дайындық па?»: Нұрлан Қоянбаевтың Алматы жайлы пікірі желіде талқыланды
619
Қазақстандық продюсер, тележүргізуші әрі актер Нұрлан Қоянбаев Алматы қаласының тазалығы мен мәдени өмірі туралы пікір білдіріп, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Politico.kz
Танымал продюсер оңтүстік астананың соңғы уақыттағы жағдайына оң баға берді. Оның айтуынша, мереке күндері қала әдеттегіден таза болған.
«Биыл мерекелер кезінде қала таза болды. Бұрын мұндай күндері бірнеше күн бойы ластанып жататын», — деді ол.
Сондай-ақ Нұрлан Қоянбаев әрбір жас ерекшелігіне сай ойын-сауық пен мәдени ортаны дамыту маңызды екенін атап өтті.
Бұл пікір желі қолданушылары арасында екіұшты қабылданды. Кейбірі продюсердің ойын қолдап, қаланың тазалығында өзгеріс бар екенін айтса, енді біреулері оның сөзін сынға алып, астар іздеді.
«Депутат болғысы келіп, алдын ала дайындалып жүрген сияқты», — деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...