Дикий Арман 20 жылға сотталды
1745
Арман Жұмагелдиевке 20 жыл жаза кесілді.
Дикий Арман 20 жылға сотталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қылмыстық авторитет Арман Жұмагелдиев (Дикий Арман) 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қатысу, атыс қаруын ұрлау, сондай-ақ 24 адамды заңсыз бас бостандығынан айыру баптары бойынша айыпты деп танылды.
Іс бойынша негізгі мәліметтер:
- Сотталушылар қатарында барлығы 44 адам, олардың арасында Алматы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген және ҰҚК-нің бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Искаков бар.
- 24 адам жәбірленуші деп танылды.
- Сот отырыстары мемлекеттік құпияларды қорғау және жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жабық түрде өтті.
- Сот үкімі бүгін, 27 қаңтар күні, Алматы қаласындағы №72 тергеу изоляторынан баспасөз өкілдеріне арналған трансляцияда жарияланды.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...