«Дикий» Арманның анасы дүниеден озды

«Дикий» Арманның анасы дүниеден озды
10.08.2025 15:15
0
195

Белгілі қылмыс әлемінің өкілі ретінде танылған Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) анасы Роза Жұмагелдиева дүниеден өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы оның жақын досы Нұржан Иманалиев Instagram парақшасында жазды.

«Құрметті досымыз Арманның асыл анасы, тәте Роза өмірден өтті. Жалғыз ұлын ұзақ жылдарға соттаған ауыр кезеңдерді бастан өткерді. Бірақ ол анасынан теріс айналған жоқ», – деп жазды ол.

Нұржан Иманалиевтің айтуынша, Арман Жұмагелдиевтің анасы қайтыс болар алдында Қостанайдағы ұлымен кездеспек болған. Осыдан кейін жүрегі сыр беріп, ауруханаға түсіп, сонда жан тапсырған.

«Сол сәттен кейін жүрек ауыртпалығына шыдай алмай, ауруханаға түсіп, сол жерде жаратушысына қайтты», – деді ол.

Арман Жұмагелдиев 2022 жылғы қаңтар оқиғасына қатысты жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырушы ретінде айыпталып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл іске Жұмагелдиевтен бөлек, 43 адамның қатысы болған. Олардың қатарында Махатов қылмыстық тобының мүшесі саналатын кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші департаментінің экс-бастығы Руслан Ысқақов бар.

Жалпы “Дикий Арманның” аты қылмыстық топтар мен түрлі оқиғаларға қатысы бар деп жиі аталады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий