Димаш Құдайберген Стамбулда баспасөз мәслихатын өткізді
809
Баспасөз мәслихаты барысында Димаштың жаңа “When I’ve got you” бейнебаянының тұсауы кесілді. Рәсім аясында әншінің өзі бейнебаянның идея авторының өзі екенін, режиссерінің Ғалым Асылов екенін айтты.
Клиптің режиссері, әрі желілік продюсері Жәнібек Ғұсмановтың хабарлауынша бейнебаян Алматы қаласында түсірілді. Оның айтуынша, бейнебаянды түсіру кезінде Қытайдан келген 70 маман жұмыс істеген және дәл сол жерде арнайы костюм тігіліп, ерекше образдар жасалған.
Стамбулда өткен баспасөз мәслихатында Димаш түркиялық жанкүйерлерімен қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде тілдесті. Әрі журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Жиын барысында жеке концерті Түркияда 24 мамыр өзінің 30 жасқа толуына орай “Тюпраш” стадионында өтетінін айтты.
Айта кетсек, бұл стадионда атақты Майкл Джексон, Рианна, Шакира сынды әншілердің жеке концерттері де болған.
Димаш алда өтетін концертінде жаңа тосын жаңалықтармен таң қалдыратынын атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
20:54
Мәмбет Қойгелді: Мұстафа Шоқай мен жарының сүйе...
02.10.2026
20:31
Мәмбет Қойгелді: Алаш болмаса, Сахарада қой бақ...
02.10.2026
20:28
СІМ соғыс аймағында жүрген қазақстандықтарға қа...
02.10.2026
19:24
Алматыда 9 жастағы балаға зорлық көрсетті деген...
02.10.2026
18:57
Тоқаев Президент Әкімшілігіндегі бөлім басшысын...
02.10.2026
18:17
Тарихи жеңіс: Темірлан Тілеулес Қазақстанға тае...