Димаш Құдайберген анасының аманатын жанкүйерлеріне жеткізді

Димаш Құдайберген анасының аманатын жанкүйерлеріне жеткізді
08.05.2025 20:01
0
60
Фото: әлеуметтік желі

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында ерекше жазба жариялап, тыңдармандарын қуантты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Әнші үйде жүріп суретке түсуге өзі сұранып, сол сәттің себебін де түсіндірді.

«Үйде жүріп, суретке түсуге өзім сұранатын сәттер өте сирек болады. Бірақ осы жолы сіздерге анашымның аманатын жеткізгім келеді», – деп жазды Димаш.

Оның айтуынша, анасы әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлерге шексіз алғысын білдіріп, олардың қолдауына риза екенін жеткізген. Сонымен қатар, әр тыңдарманға жүрекжарды сәлем жолдап, бақыт, денсаулық пен бейбіт өмір тілеген.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің әжесі Миуа Низамутдинованы ол әрқашан "анам" деп атайтыны көпшілікке мәлім.

Халықаралық деңгейде танылған әнші бүгінде миллиондаған тыңдарманның сүйіктісіне айналып, өнерімен әлем жұртшылығын тәнті етіп келеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий