Димаш Құдайберген Грэмми иегері Уолтер Афанасьевпен алғашқы жұмысын таныстырды
721
Димаш әлемдік жұлдыздармен жұмыс істеген продюсермен жаңа ән жазды
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екі дүркін «Грэмми» иегері, әлемге әйгілі продюсер және композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы шығармашылық жұмысының тұсауын кеседі, деп хабарлайды POLITICO.KZ dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
Уолтер Афанасьев – әлемдік музыка индустриясының беделді өкілдерінің бірі, оның есімі Уитни Хьюстон, Барбара Стрейзанд, Мэрайя Кэри, Селин Дион, Лара Фабиан, Рикки Мартин, Леона Льюис, Savage Garden сынды жұлдыздармен тығыз байланысты. Ол аңызға айналған көптеген хит әндердің авторы және продюсері:
- «I’m Your Baby Tonight» – Уитни Хьюстон
- «Without You», «Dreamlover» – Мэрайя Кэри
- «Bleeding Love» – Леона Льюис
- «She Bangs» – Рикки Мартин
- «Crash and Burn» – Savage Garden
- «A New Day Has Come» – Селин Дион
- «You’re Not From Here» – Лара Фабиан
- «My Heart Will Go On» – Селин Дион
Сонымен қатар, Афанасьев «Красавица и Чудовище», «Аладдин», «Геркулес», «Телохранитель» сияқты танымал фильмдер мен мультфильмдердің саундтректерінде жұмыс істеген.
Оның жетекшілігімен халықаралық команда Димаштың жаңа әнін – «Love’s not over yet» атты композицияны ұсынбақ.
Премьера 7 наурызда барлық музыкалық платформаларда өтеді, ал музыкалық бейнебаян YouTube-те жарияланады.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...
02.10.2026
23:38
"Қазір тоқал алуға қарсымын". Роза Әлқожа іштег...
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...
02.10.2026
22:27
«Өлтіремін» деп қорқытқан: Алматыда бойжеткенді...