Димаш Құдайберген жанкүйерлері асыға күткен жаңалығын айтты

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің туған күніне орай 26 мамырда жанкүйерлерімен ерекше фан-кездесу өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
"D and Dears" атауымен өтетін бұл кездесу Almaty Arena стадионында ұйымдастырылады және әншінің "Stranger" концертінің кинотеатрларға шығуымен тұспа-тұс келіп отыр. Әлеуметтік желідегі парақшасында Димаш бұл шарада шығармашылығына арналған арнайы шоу ұсынылатынын, отандық әртістердің қатысатынын, сонымен қатар жанкүйерлер көкейіндегі сұрақтарға жауап ала алатынын жазды. Сонымен бірге жаңа әндердің премьералары мен бейнебаяндар да көрермен назарына ұсынылмақ. Димаштың айтуынша, 27 мамырдан бастап Астанада өткен "Stranger" шоуы еліміздегі кинотеатрларда алғаш рет 5.1 көлемді дыбыспен және толық қатысу әсерімен үлкен экранда көрсетіледі. Бұл тың тәжірибе көрерменге ерекше әсер сыйламақ. Ал фан-кездесуге арналған билеттер алдағы аптадан бастап Ticketon сайтында сатыла бастайды.
Соңғы жаңалықтар





