Димаш Құдайбергеннің халықаралық шоуы Түркістанда бастау алды

Димаш Құдайберген атқарушы продюсері болып табылатын Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі Түркістан облысында басталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Музыкалық жобаға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Италия, Малайзия және Сербиядан қатысушылар келіп, пойызбен Түркістан қаласына жетті, деп мәлімдеді Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Түсірілім барысында шоуға қатысушылар бірқатар негізгі туристік және мәдени нысандарға барады:
Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қамтитын «Әзірет Сұлтан» кешені;
Отырар қалашығы;
«Каравансарай» туристік кешені;
этноауыл.
Қатысушылардың кәсіби деңгейін арнайы шақырылған халықаралық сарапшылар бағалайды.
«Түркістан облысындағы түсірілім кезеңі аяқталған соң, музыкалық шоуға қатысушылар елдің басқа өңірлерінде шығармашылық сапарын жалғастырады. Халықаралық жоба Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарын, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларын қамтиды», – делінген хабарламада.
Шоудың финалы Қазақстан астанасында өтеді.
Соңғы жаңалықтар





