Димаш Құдайбергеннің кезекті концерті жайлы ақпарат шықты

Димаш Құдайбергеннің кезекті концерті жайлы ақпарат шықты
Фото: dimashnews.com. Суретте: Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген концерт өткізу үшін Ригаға барды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Димаш Құдайберген Латвияда концерт өткізу үшін Рига қаласына барды. Әншіні әуежайда жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алып, оған латыштардың дәстүрлі музыкалық аспабы - коклені сыйға тартты.

Айта кетейік, Димаштың «Stranger» жеке концерті 12 желтоқсанға жоспарланған. Ал елордада өткен концертінің телевизиялық нұсқасын «Qazaqstan» телеарнасы 16 желтоқсанда көрсетеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу