Димаш Құдайбергеннің қарындасы диплом алды
762
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің отбасы қуанышты жаңалықты бөлісті – оның кенже қарындасы Раушан Құдайберген университетті тәмамдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесінің әкесі Қанат Құдайберген бұл қуанышты сәтті әлеуметтік желіде жариялап, бітіру кешінен суретпен қоса мынадай жазба қалдырды:
«Қанатың талмасын, қызым! Жолыңа нұр жаусын!»
Желі қолданушылары да құттықтауларын жаудырды:
«Құтты болсын! Әжең, әкең, анаң қызығыңды көрсін, аман жүр! Еңбегің жемісті болсын. Мен де сенің әжеңдей әжемін, менде де сендердей немере-шөберелер бар, шын жүректен тілекшімін!», «Керемет, жағымды сәт – дипломың құтты болсын!», «Болашағың жарқын болсын!», «Қуаныштарыңыз ұзағынан болсын!».
Соңғы жаңалықтар
12.09.2026
15:34
Назарбаевтың 21 жастағы ұлы Тауман үйленгелі жатыр
12.09.2026
14:55
Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, екі жасар ба...
12.09.2026
14:24
Қарағандыда бір жастағы бала бағана орнатуға қа...
12.09.2026
13:18
Ирактан ұшырылған дрондар Сауд Арабиясындағы ір...
12.09.2026
12:21
Петропавл маңында құрылыс кезінде екі адамның ж...
12.09.2026
11:16
«Миллион пәтер тегін беріледі»: Желіде тараған ...