Димаш Құдайбергеннің Қытайда шығатын жаңа жобасының алғашқы көріністері пайда болды (ВИДЕО)

30.10.2025 10:27 Нақыпбек Фатима
Димаш Құдайбергеннің Қытайда шығатын жаңа жобасының алғашқы көріністері пайда болды (ВИДЕО)
0
94
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген мен Hunan Broadcasting System телеарнасы 2026 жылдың «Voice Beyond Horizon» атты ең ауқымды жобасын ұсынатынын әртістің жеке командасы мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Сегіз жыл бұрын Ұлы Жібек жолының әндері күллі әлемге естілсе екен деген арманмен Димаш Қытай сахнасына алғаш шыққанда, өнердің шекарасы жоқ екенін сезінген еді.
Жаңа жоба аясында Димаш Prince (Сербия), Цай Чэнъюй (Қытай), Джулия (Италия), Чжан Синьюй (Қытай), Нұржас (Қазақстан), Ла Даньчжу (Қытай), Джерил Ли (Малайзия) және Нұр Чолпон (Қырғызстан) сияқты сегіз елден келген талантты әншілердің басын қосты.
22 күн ішінде олар 7436 шақырым жол жүріп, Қазақстанның төрт қаласын аралады. Осы сапар барысында музыка ырғағы мен адамдардың жүрек соғысы бір арнада тоғысып, әндер Ұлы Жібек жолының мыңжылдық өркениетінің үнін жеткізді.
Сайттың хабарлауынша, бұл 2026 жылдың ғаламат премьерасы болмақ!

««Voice Beyond Horizon» – таулар мен теңіздерден асып, көкжиектен мәңгілік сәуле шашып, жалын атқан ән», - деп жазған Димаштың командасы. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий