Димаш танымал әртіспен көзге түсті

Қазақстандық опера әншісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Зарина Алтынбаева әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергенмен бірге түскен суретін жариялады. Сурет әлемге әйгілі испан теноры Хосе Каррерастың концерті кезінде түсірілген, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Алтынбаева Димашқа сахналық қолдауы мен құттықтауы үшін алғыс айтып, ерекше әсер алғанын жасырмады.
Бұған дейін Зарина Алтынбаева өзінің блогында аты аңызға айналған тенормен бір сахнада өнер көрсететінін жазған болатын.
«Хосе Каррерастың қоштасу туры аясында аңыз әншімен дуэт айту – мен үшін зор құрмет әрі қуаныш», – деп жазған еді әнші.
Концертке көрермен ретінде келген Димаш Құдайберген сахна сыртында Заринаны құттықтап, сәтті өнер көрсетуімен шын жүректен тілек білдірген.
«Димаш Құдайберген Хосе Каррерастың концертіне келіп, сахна артына өтіп, мені құттықтады. Жүрегіме жетіп, ерекше әсер етті», – деп бөлісті Зарина Алтынбаева.
Соңғы жаңалықтар





