Динара Сәтжан Қайрат Нұртасқа баға берді
Танымал журналист әрі блогер Динара Сәтжан Алматыдағы Орталық стадионда өткен Қайрат Нұртастың концертіне қатысты ойын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Журналист еске салғандай, Қайрат Нұртас 2015 жылы 30 мың көрермен жинап, халық ықыласына бөленген болатын.
«Бүгін, жылдар өтсе де, Қайрат тағы да толық стадион жинады. Көрермен оның барлық хиттерін жатқа біледі. Қайрат Нұртас – жай ғана әнші емес, ол – өз уақытының дауысы», – деп жазды Динара Сәтжан Instagram парақшасында.
Оның айтуынша, Алматының Орталық стадионы лық толы болған, ал тыңдармандар сүйікті әншісін ерекше ықыласпен қарсы алған.
Журналист концерттен бірнеше бейнеролик пен фотосуреттер жариялап, Қайрат Нұртастың анасы – Гүлзира Айдарбековамен бірге түскен суретін де бөлісті.
Динара Сәтжан жазбасында Қайраттың шығармашылығы жылдар өтсе де миллиондаған жанның жүрегінен орын алғанын, ал оның әндері қазақ қоғамының мәдени феноменіне айналғанын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар